19.01.2017, 15:24
Оқылды: 28

Ел біріншілігіне жолдама алды

Janakala respudlikaga joldama aldi 01  Оралда 2000-2001 жылы туған жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында қазақ күресінен Батыс Қазақстан облыстық чемпионаты өтті. Оған 12 аудан және Орал қаласынан 120-ға жуық палуан қатысты.


  Екі күнге созылған тартысқа толы чемпионатта жаңақалалық қос палуан қыз топ жарып, жарыстың ең биік сатысынан көрінді. Атап айтсақ, 44 келі салмақ дәрежесінде белдескен Әсем Бейсенғалимева I орынның талассыз иесі атанса, 52 келі салмақта күрескен Гүлмира Хомиченко да қарсылас шыдатпай, I орынды олжалады. Сондай-ақ, жеңімпаз палуандарға қаңтар айының соңында Талдықорған қаласында өтетін ел біріншілігіне жолдама берілді.

Алтынбек ЕРМЕКҚАЛИЕВ

Жаңақала ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале