17.05.2017, 14:36
Оқылды: 35

Ел біріншілігінен қола жүлдемен оралды  

 

Павлодар қаласында қазақ күресінен 2002-2003 жылы туған жасөспірім ұлдар және қыздар арасында республикалық ашық турнир өтті. Байрақты бәсекеге еліміздің түкпір-түкпірінен  480 палуан қатысып, өз бақтарын сынады.


Бұл жарыста облыс намысын 44 келі салмақта жаңақалалық Замир Батыровтың шәкірті Әсем Бейсенғалиева қорғаған еді. Тартысқа толы өткен турнирде Әсем Тимурқызының асығы алшысынан түсіп, қанжығасына қола жүлдені байлады.

Ел біріншілігінде жүлдегер атанған Ә.Бейсенғалиеваға дүбірі алыстан естілетін додаларда топ жарып, аудан атын асқақтата бер демекпіз.

Алтынбек ЕРМЕКҚАЛИЕВ,

Жаңақала ауданы 

 zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале