15.12.2016, 13:10
Оқылды: 75

Ел дамуына үлес қосқандарға марапат

screenshot_2016-12-16-00-08-49-1Жәнібек аудандық Мәдениет үйінде ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған салтанатты жиын оздырылды. Жиында аудан әкімі Наурызбай Қарағойшин жиналғандарды мерейлі мерекемен шын жүректен құттықтады.


Бұдан әрі аудан басшысы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына орай ел экономикасы мен әлеуетінің дамуына зор үлес қосқан бір топ азаматтар мен азаматшаларға Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 5 желтоқсандағы Жарлығы бойынша «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалін, Қазақстан Республикасы screenshot_2016-12-16-00-14-16-1Парламенті Сенатының Құрмет грамотасын, Батыс Қазақстан облысы əкімінің Құрмет грамотасын, аудан деңгейінде сайлау комиссияларында ұзақ жылдар бойы қызмет жасап, түрлі сайлауларды тиісті деңгейде өткізілуіне өз үлестерін қосқандарға Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясының төрағасының алғыс хатын және М.Ықсановтың 90 жылдық мерейтойына арналған мерекелік медалін табыстады.

Жиында ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына байланысты аудандық мәслихаттың шешімімен бір топ аудан тұрғындарына «Жәнібек ауданының құрметті азаматы» атағы берілді.

Салтанатты жиын аудан көркемөнерпаздарының мерекелік концертіне ұласты.

Н.Жапақов

Жəнібек ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале