12.08.2020, 15:22
Оқылды: 251

«Ел құдығының» игілігі Аралтөбеге де жетті

Осыған дейін оралдық волонтерлардың «Ел құдығы» жобасы аясында Сырым ауданы, Көздіғара ауылынан халық игілігіне 2 құдық қазып беріп, қайырымдылық жасағанын жазған едік. Осындай игілікке Аралтөбе ауылының да бір тұрғыны кенеліп жатқан жайы бар.

7F943B9A-7C77-4497-B20D-42788B47581B

Бұл ауылда құдық қазылған жоқ. Дегенмен «Ел құдығы» жобасы аясында егде жастағы, сырқат тұрғынның үйіне орталық ауыз су жүйесінен құбыр тартылып жатыр. Құбыр жолдарын қазушылардың еңбегі мен су жүргізуге кететін материалдық шығынның бәрін оралдық волонтерлар өз мойындарына алған. Су баспананың ішіне дейін жеткізілмек. Ауылдағы жұмысты округ әкімі Әділхан Мұхитов ұйымдастырып жатыр.

72840E88-316A-452A-A0B3-7B3424793262

Айта кетейік, «Ел құдығы» жобасын Әсет Сұлтанұлы, Дулат Мақатов және Талғат Чудобаев деген үш азамат жүзеге асырып жүр. Олар БҚО Қазақстан халық Ассамблеясындағы «Достық клубы» мен «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысында қызмет етеді.

 Бауыржан Ширмединұлы,

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале