14.07.2017, 10:29
Оқылды: 33

Елді мекендегі 56 түтін ауыз сумен қамтылмақ

ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Е.Мұқаев пен Н.Төреғалиев Зеленов ауданы Махамбет ауылы жұртшылығымен жүздесіп, шаруашылық жайына қанықты.


Алдымен сенаторлар округке қарасты Павлов елді мекенінде іске асырылып жатқан ауыз су құбыры құрылымен танысты. Округ әкімі Б.Ахметжановтың айтуынша, «Ақ бұлақ» бағдарламасы арқылы құны 79,5 млн. тұратын жоба іске асқанда елді мекендегі 56 түтін түгелімен сапалы ауыз сумен қамтылмақ. Бастауыш мектеп, медпункт, кітапхана сынды әлеуметтік нысандарға  да орталықтандырылған су құбыры қосылады. Жұмысында іркіліс жоқ құбыр құрылысына қаныққан халық қалаулылары әрі қарай ауыл медпунктінің күрделі жөнделуін тексерді. Жұмысқа жауапты мердігер «Жайық газ-су құрылыс» ЖШС-нің өкілі І.Айтқалиев мәліметінше, төбе жабыны тұтастай жаңартылып, есік-терезесі мен жылу жүйесі ауыстырылған ғимарат жуық арада халық игілігіне берілмек.

Одан әрі депутаттар махамбеттік шаруалармен тілдесіп, асыл тұқымды ірі қара мал өсіретін «Шунайбеков», жылыжай шаруашылығын игерген «Алтын болашақ», сүтті бағыттағы ірі қара мал өсіріп, сүт өңдейтін «Шканов» шаруа қожалықтарын аралады.

Нұржан ДҮЗБАТЫР,

Зеленов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале