4.04.2018, 18:10
Оқылды: 21

Елді мекенді су басу қаупі жоқ

????????????????????????????????????

Кеше сағат 21.30-да Қазталов ауданындағы жергілікті маңызы бар  «Қазталов-Қошанкөл» жолының 35 километр жол төсемін ені 20 м және биіктігі 15-20 см еріген су басқандығы жөніндегі хабарлама келіп түсті. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.

Су басуға байланысты жол жабылған және ескерту белгілері қойылған. Сондай-ақ осы жолдан басқа айналма жол да бар. Оқиға орнында жергілікті органдардың 16 жұмысшысы мен 4 бірлік техникасы және жергілікті полиция қызметінің жеке құрамының 2 адамы және 2 бірлік техникасы жұмыс істеуде. Елді мекенді су басу қаупі жоқ.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале