25.09.2017, 15:04
Оқылды: 26

«Элеком Строй» келушілерін күтуде

 

Зеленов ауданы Мичурин ауылдық округі маңында құрылыс заттарын сататын «Элеком Строй» дүкені ашылды. Орал қаласы мен жақын маңдағы ауыл тұрғындарына құрылысқа қажетті барлық заттарды бір жерден алуға мүмкіндік береті сауда орталығының ашылуына аудан әкімінің орынбасары Ринат Шәуенов, «Банк Центр Кредит» акционерлік қоғамының директоры Ғарифолла Сүгірбаев, «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры акционерлік қоғамы филиалының директоры Ербол Иденов қатысты.

«Өңірлерді дамыту 2020» бағдарламасы бойынша салынған сауда орнының ашылуына жиналған халықты құтықтаған Ринат Сатымұлы: -Кәсіпкерлерді қолдау керектігін Елбасымыз әрдайым айтып отырады. Біздің аудан аумағында мұндай сауда орнының ашылуы үлкен қуаныш. Енді Орал қаласы мен жақы маңдағы ауыл тұрғынжары құрылысқа қажетті барлық заттарды бір жерден ала алады. Осындай сауда орнын ашықан кәсіпкерге ризашылығымды білдіріп, ісіңіз оңға баса берсін,-десе Ғарифолла Рахматоллаұлы да өзінің жүрекжарды тілегін білдіріп, үлкен іс бастағалы отырған кәсіпкер Николай Постубаевқа естелік сыйлық табыс етті.

Осыдан бір жыл бұрын құрылысы басталған дүкен аумағы 3000 шаршы метрді құрайды. Келушілерге барлық жағдай жасалған. Дүкен ішінен құрылыс заттарынан бөлек электр тауарлар, құрғақ қоспалар, көлік, үй жөндеуге қажетті жабдықтар, есіктер, бояуға арналған неше түрлі қоспаларды табуға болады. Тауарлар Германия, Ресей және елімізден шығады. Бұдан бөлек сауда орталығы 60-тан астам тұрғынды жұмыспен қамтып отыр. Бағалары да қалтаға соға қоймайды.

Сауда орнының ашылу салтанатына келген жұртқа қала өнерпаздары әндерін арнап, билерін тарту етті. Сондай-ақ келушілер арасында лоторея ойнатылды.

Түгелбай Бисен

Зеленов ауданы

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале