12.06.2017, 14:58
Оқылды: 72

Елеулі шараға үн қосты

Астана қаласындағы ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің ашылуына орай Жәнібек аудандық мәдениет және демалыс саябағында концерт өтті.


Шарада аудандық мәдениет үйінің көркемөнерпаздары ән мен биден шашу шашты. Атап айтсақ, Алтынбек Кәрімов, Мейрамгүл Дәулетқалиева, Шынар Каюпова, Ақтоты Ешматова, Райымбек Кәрімов, Дана Қаратаевалар жеке дауыста, топпен және шәкірттерімен бірге «Нұр Астана», «Астана», «Туған ел», «Қазақстан» секілді әндерді қалықтатса, мың бұралған бишілер «Шабыт» биін билеп, жастар флешмоб ұйымдастырды. Концерт соңында көкке шарлар ұшырылып, көрермендер көтеріңкі көңіл-күймен тарқасты.

Еске сала кетейік, ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі 10 маусымнан бастап 10 қыркүйекке дейін жалғасады. Осы уақыт ішінде Астанамыз өз тарихында тұңғыш рет миллиондаған қонаққа туризм қаласы ретінде қызмет көрсетпек. Айтулы шараны тамашалауға 5 миллионға жуық қонақ келеді деген болжам бар.

Б.ЖҰМАҒАЗЫ,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале