21.01.2021, 20:20
Оқылды: 66

Ең бастысы – сақтану

Еліміздегі эпидемиологиялық жағдайға сәйкес Бәйтерек ауданыдағы эпид ахуал да мәз емес. Қазіргі таңдағы басты мәселелердің бірі індет жұқтырған адамдар саны өсірмеу болып отыр. Ал оның жалғыз жолы – барлық санитарлық нормаларды қатаң сақтау. Ол жұмысты осы күні аудан және ауылдық округ әкімдіктері жанынан құрылған мониторингтік топ қадағалайды.

 f4a5d88d-33df-425e-854e-8b5819051c3c

Жуырда  Көшім ауылдық округінде құрылған мониторингтік топ  мүшелері ауылдағы тұрғындар көп шоғырланатын орындар мен азық-түлік дүкендеріндегі қауіпсіздікті қадағалап, жадынамалар таратты.

a19ef509-1801-4b00-8ecd-b14d66a1848d

- Ауылдық округ аймағында, елді мекендерді қосқанда барлығы 30 азық-түлік дүкені бар. Бұл орындар толығымен тексерілді және алдағы уақытта қайта тексерістен өтетін болады.  Есік тұтқалары толғымен өңделіп, арнайы төсемшелер төселген. Сатушылар маска тағып, барынша сақтануда, - дейді Көшім ауылдық округінің әкімі Айнагүл Баянова.

 

Аружан Аманжол,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале