26.12.2016, 17:56
Оқылды: 21

Еңбегі еленген жас шебер

zhas-sheberҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай 25 жас талантты анықтау мақсатында Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Жауқазын - 2016» жобасы өткізілген болатын.


Аталмыш жобаға қатысып, өз өнерімен ерекшеленгені үшін Қаратөбе балалар шығармашылығы үйінің «Қылқалам» үйірмесінің жетекшісі Айбек Айболатұлы алғыс хатпен марапатталды.

Қаратөбе ауданындағы мектептен тыс жұмыс орталығында өнерімен айрықша үлес қосу жолында және балалардың талантын ұштап, тәлім-тәрбие беруде Айбек Айболатұлының атқарып жүрген игі ісі ерекше.

Қазақ халқының ертеден қалыптасқан көне мәдениетін дамытып, дәстүрлі қолөнерді жаңғырту жолындағы еңбегі жоғары бағаға ие Айбек Айболатұлының қолынан шыққан «Атадан балаға өсиет» және «Шаңырақ тұмары» туындылары Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінің қорына алынды.

 

Маралбек Амантаев

Қаратөбе ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале