6.08.2018, 12:24
Оқылды: 70

Еңбек ардагері тұрған үйде мемориалдық тақта орнатылды


Ақжайық ауданының орталығы Чапаевта еңбегі елімізге мәлім ардагер Сырым Аймұқашев тұрған үйде мемориалдық тақтаның ашылу салтанаты өтті.


ақжайық ауданы (2)

Ұлы Отан соғысы жылдары, яғни 16 жасынан Чапаев атындағы кеңшарда есепші, бригадир, сосын бастауыш партия ұйымының хатшысы, кейін аталған шаруашылықта басқарма төрағасының орынбасары, басқарма төрағасы, аудан орталығындағы май зауытының директоры, тұрмыстық қызмет көрсету комбинатының директоры болды.

Одан әрі Чуйков атындағы ұжымшарда, Жайық мал бордақылау кеңшарында басшылық қызметтер атқарды. 52 жыл еңбек жолында ол айтулы марапаттармен қошеметтелді. «Ақжайық ауданының Құрметті азаматы» №1 куәлігі де Сырым Батырұлына тапсырылған болатын. Ауыл-елдің шежіресін терең білумен, жастар тәрбиесіне белсене араласуымен де жұртының құрметіне бөленді. 2004 жылы «Көргендерім мен көңілге түйгендерім» атты естелік кітабы жарық көрді.

Аталған салтанатта абзал ардагерді көзкөргендер, сонымен қатар аудан әкімінің міндетін атқарушы Асқар Әбуғалиев, аудандық ардагерлер кеңесінің құрметті төрағасы Ғилаж Лұқпанов, еңбек ардагері Дәулетжан Жақсыбаев, Сырым Аймұхашевтің інісі Орынғали, немересі Сәрсен сөз сөйлеп, естеліктермен бөлісті.

Әли АСҚАР,

Суретті түсірген Нұрбек ИХСАН

Ақжайық ауданы

ақжайық ауданы (1)

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале