18.04.2017, 16:24
Оқылды: 66

«Еңбек даңқы» төсбелгісімен марапатталды

Ақжайық аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің оқырманға қызмет бөлімінің жетекшісі Римма Саранова Республикалық мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлері кәсіптік одағының "Еңбек даңқы" төсбелгісімен марапатталды.


Бұл төсбелгіні "Еңбек кодексі: еркешеліктері мен жаңалықтары", "Еңбек қатынастарын реттеудегі кәсіподақтар рөлі" атты облыстық семинар-кеңесте аталмыш кәсіподақтың төрайымы Светлана Иманқұлова табыстады.

Римма Аманғалиқызы - 1984 жылдан бері аудандық кітапхананың балалар және оқырман залы кітапханашысы, кітапхана әдіскері, одан кейін аталған бөлім жетекшілігін іскерлікпен атқарып келе жатқан тәжірибелі қызметкердің бірі, орталықтандырылған кітапханалар жүйесі кәсіподақ ұйымының төрайымы.

Рахмет ҚАЛИ

Ақжайық ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале