24.11.2017, 20:43
Оқылды: 41

Еңбек министрі Ақсайда болды

Screenshot_2017-11-24-22-19-41-1ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Бөрлі ауданына іссапармен келді.


Алдымен аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жұмысымен танысқан Тамара Қасымқызы халықтың әлеуетін арттыру бағытында атқарылатын жұмыстардың нәтижелі болуына басты назар аудару қажеттігін айтты.

Аудан әкімдігінде өткен жиын барысында Тамара Дүйсенова 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап жаңа форматта берілетін бірыңғай жәрдемақы - атаулы әлеуметтік көмек жөнінде кең көлемде ақпарат берді.

Бұл басқосуға аудан әкімі Алдияр Халелов, әкім орынбасарлары, аудандық мәслихат хатшысы мен депутаттар, жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік мекемелердің басшылары, еңбек ардагерлері, ауылдық округ әкімдері, үкіметтік емес ұйымдар өкілдері қатысты.

Тамара Қасымқызы жергілікті атқарушы орган қызметкерлеріне, әсіресе, ауыл әкімдеріне бұл мемлекет тарапынан көрсетілетін көмек жөнінде тұрғындарға жан-жақты ақпарат беру қажеттігін тапсырды.

Screenshot_2017-11-24-22-18-05-1Министр айтқандай, әр тұрғын мемлекет тарапынан қандай көмек көрсетілетінін білуі қажет. Сондай-ақ зейнетақы төлеу және зейнетке шығуға байланысты мәселелерге де тоқталды.

Тағы бір айта кетерлік жайт, министр жұмыс берушілер мен жұмыс іздеушілер үшін тиімді электронды еңбек биржасы мен www.enbek.kz сайтымен таныстырып өтті.

- Қазіргі ақпараттық технологияның дамыған заманында мұндай мүмкіндікті пайдалану қажет, - деді министр.

Бұдан соң №3 ЖОББМ орналасқан "Жас дарын" қоғамдық қорының жұмысымен танысты. Мұндағы психоневрологиялық ауытқулары бар және сал болып қалған балаларды қоғамға бейімдеуді мақсат еткен оңалту оралығын және осы балаларды бейнелеу өнеріне, қолөнерге баулитын жұмыстарды көрді. Қор төрайымы Татьяна Ищенкоға сұрақтарын қойып, балалардың туындылары көңілінен шыққанын айтқан Тамара Қасымқызы қоғамдық қордың жұмысын жоғары бағалап, ризашылығын білдірді.

Ясипа РАБАЕВА

Бөрлі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале