24.10.2018, 15:05
Оқылды: 57

Энергетика бірінші вице-министрі Ақсайға келді

Бөрлі ауданында өндіріс орындарын материалдық-техникалық тұрғыда модернизациялап, өндіріс көлемін ұлғайтуға мол мүмкіндіктері бар. Бұл туралы жұмыс сапарымен Бөрлі ауданына келіп, КПО компаниясының ұжымымен кездескен энергетика бірінші вице-министрі Махамбет Досмұхамбетов баяндады.

IMG_9432

Вице-министр алдымен өңірдегі ірі кәсіпорындардың бірі КПО компаниясына келуі тегін емес. Елбасы Жолдауындағы басты міндеттерді іске асыруда бұл компанияның үлес салмағы зор. Кәсіпорын жаңартуға, кеңеюге, жаңа технологияларды қайта жабдықтауға бағытталған динамикалық және тұрақты даму стратегиясын орындады.

Биыл кәсіпорын облыс бойынша 35 млн. АҚШ долларына 36 жобаны іске асырды. Оның бесеуі Бөрлі ауданында. Жалпы соңғы үш жылды кәсіпорыннан бөлінетін 20 млн. АҚШ долларының үстінен 10 млн.доллар бөлінген болатын. Сол 10 млн.долларға Бөрлі ауданында 22 жоба іске асты. Осы жұмыстар келер жылы да өз жалғасын табады.

- Ақсайға келгендегі мақсатымыз, Елбасы Жолдауын талқылап, кездесу өткізу. Биылғы Жолдау халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталды. Басты себеп те осы. Әр мемлекеттік орган, жергілік басқару органдары жұмысын жақсартып, барынша жақсы жағдай туғызу. Кездесу барысында министрлікте қандай жұмыстар жасалып жатыр, қандай көрсеткіштер, жетістіктер бар екендігін айттық. Жоспарымызбен де бөлістік. Елбасы Жолдауын орындауда қандай үлес қосатынымызды талқыладық. Халық Елбасы Жолдауымен мұқият танысқан. КПО қызметкерлері энергетика саласын дамыту, кәсіпорын жұмысын жетілдіру турасында ұсыныс пікірлер білдірді,-деді энергетика бірінші вице-министрі Махамбет Досмұхамбетов.

Жұмыс барысында вице министр «Конденсат» АҚ жұмысымен де танысты.

IMG_9427

 

Айым НҰРҒАЛИЕВА,

Бөрлі ауданы,

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтары біздің Instagram және Telegram-парақшамызда. Жазылыңыздар!

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале