8.05.2019, 11:49
Оқылды: 20

Ерен ерлікке – ескерткіш

Ұлы Жеңістің 74 жылдығына орай Теректі ауданына қарасты Долин ауылында майданда қаза тапқан долиндік боздақтар құрметіне ескерткіш орнатылды.

dolin (1)

         Шараға аудан әкімі Әділ Жоламанов, ауыл ақсақалдары, оқушылар мен мемлекеттік қызметкерлер қатысты.

         Долин ауылдық мәдениет үйінің алдына жиылған тұрғындар, ең алдымен, зұлмат жылдары елі үшін жанын пида еткен батырларды 1 минут үнсіздікпен еске алды. Содан соң аудан басшысы Әділ Тауфикұлы мен Долин ауылының депутаты Виктор Галкин лента қиып, ескерткіш басына гүл шоқтарын қойды. Салтанатты шараны тамашалауға келген тұрғындарды мейраммен құттықтап, ел тыныштығын тіледі. Жерлестеріне жылы лебізін жеткізгендер қатарында Долин ауылдық ардагерлер кеңесінің төрайымы Александра Мазур да болды.

         Жиын мәдениет үйі қызметкерлері дайындаған концерттік бағдарламамен жалғасты.

Аягөз Айтқалиева,

Теректі ауданы,

zhaikpress.kz

dolin (2) dolin (4) dolin (7)

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале