13.11.2018, 17:25
Оқылды: 65

Еріктілер ақжайықтық оқушыларға ағылшын тілін үйретуде

Ақжайық ауданының орталығындағы мектеп оқушылары «Өркен» коворкинг орталығында Пәкістан елінен келген Аймал Ханмен кездесті.

english for (3)

          Ол Исламабад қаласындағы Ғылым және технологиялардың ұлттық университетінде бухгалтерлік есеп мамандығын бітірген. Екі күн бойы аудан орталығындағы 3 мектептің 5-11 сынып оқушыларын түрлі қызықты ойындар арқылы ағылшын тілінде еркін сөйлеуге машықтандырды.

         Айта кетейік, осыған дейін «Нұр Отан» партиясының бастамасымен «English for jastar» партиялық жобасы қолға аланып, ауыл жастары ағылшын тіліне үйрету қозғалысы басталғанын хабарлаған едік. Оралдағы Жаһанша Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледждің студенттері, волонтерлар Үмітханым Сайлау мен Эльвира Амангелді Ақжайық ауданының орталығындағы 8-11 сынып мектеп оқушыларына «Elementary» және «Pre-Intermediatе» бағдарламалары бойынша Оксфорд университеті бағдарламасы аясында сабақ жүргізіп келеді. Пәкістандық азамат та осы жоба аясында ауданға сапармен келген еді.

english for (1) english for (2)

Нұрхат МАҒЗОМ,

Ақжайық ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтары біздің Instagram және Telegram-парақшамызда. Жазылыңыздар!

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале