4.05.2018, 11:52
Оқылды: 45

Еріктілер жасағы тексерілді

Өткен аптада Тасқала мен Зеленов аудандарының шекарасында дала өртінің алдын алу мақсатында еріктілер құрама жасағының дайындығы тексеріліп, оқу-жаттығу өтті.

Аталмыш шараға Тасқала ауданы әкімінің орынбасары А.Баяндықов пен Тасқала және Зеленов  ауданының  төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы М.Шауенов пен Т.Жакупов, сондай-ақ Мерей, Тасқала ауылдық округтері мен Зеленов ауданынан   өртке қарсы құрылған еріктілер жасағы қатысты.

Алдымен сөз алған Арсен Толқынұлы  дала өрттерінің алдын алуда еріктілер жасағының рөлі зор екенін тілге тиек етті. - Жаз мезгілі келе жатыр. Өртке мұқият болуымыз қажет.  Тілсіз жауды құрықтауға қай уақытта да дайын болуға тиіспіз. Сондықтан осындай оқу-жаттығуларының жиі өткізілгені дұрыс деп есептеймін. Бүгінгі шараға сәттілік тілеймін,- деді ол өз сөзінде.

Одан әрі шараға қатысушылар жанған өртті қалай сөндіру керектігі жөнінде іс-тәжірибелерімен бөлісіп, оны іс жүзінде көрсетті.

Аталмыш шараға отыздан астам ерікті мен 8 техника, оның ішінде 1 МТЗ-80 тракторы қатысты. Сондай-ақ өрт сөндіруге арналған арнайы су шашатын құрылғылар мен сапалақтар қолданылды.

Назгүл СЕРІКҚЫЗЫ,

Тасқала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале