19.11.2018, 18:26
Оқылды: 52

Еркебұлан Қарақұлов: «Адасудың бәрі – білімсіздіктен!»

Сырым ауданының орталық мешітінде «Сырым» деструктивті діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек көрсету орталығы және аудандық мешіттің ұйымдастыруымен «Оқы, Жаратқан раббыңның атымен оқы!» атты жамағат арасындағы білім сайысы өтті.

 

????????????????????????????????????

????????????????????????????????????

         Сайысқа қатысушылар таныстыру, азан айту, сүре оқу, Мұхаммед пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) өміріне қатысты сұрақтарға жауап беру және қазақтың мақал–мәтелдерінің мәнін ашу секілді кезеңдер бойынша сынға түсті. Аудандық мешіттің бас имамы Әлішер Қайратұлының айтуынша, сайыстың соңғы кезеңі дін мен ұлттық дәстүрдің сабақтастығын көрсетуге арналыпты. Расымен де, қазақтың жақсылыққа, оның ішінде ата–ананы құрметтеуге, туған жерге қызмет етуге, адалдық, сабыр секілді көркем мінездерге шақыратын мақалдары ислам дініндегі мұсылман тәрбиесінің негізгі ұстанымдарымен үндес.

         Білім сайысына Батыс Қазақстан облысының өкіл имамы Еркебұлан Қарақұлов, Бөрлі аудандық мешітінің бас имамы Қанат Жәкенов және Сырым аудандық мешітінің бас имамы Әлішер Қайратұлы қазылық етті. Сайыстың қорытындысы бойынша, Дархан Мағрашев жеңімпаз болып танылды. Осы сияқты ұпай санындағы аздаған айырмамен Темірлан Ғаббасов ІІ орынды, ал Аслан Бисенғалиев ІІІ орынды иеленді.

         Осы күні аудандық мешіттің жамағаты бесін намазының алдында Еркебұлан Қарақұловтың уағызын тыңдады. Өкіл имам өзінің сөзінде, адамның кәсіби ғылымды игеруімен қатар, діни тұрғыда да білімді болуға күш салуы керектігін, мешіттерде білім сайыстарының жиі өтуі жамағаттың сауатты бола түсуіне себеп болатынын айтты.

         -Бүгінгі күні дәстүрлі дінді ұстануды ниет етіп, бірақ теріс діни ағымның жолына түсіп, адасуға тап болғандар көбейді. Адасудың бәрі – білімсіздіктен. Алланың разылығы бар жолды адаспай табу үшін, шаршамай, ерінбей білім үйренейік!- Еркебұлан Қарақұлов.

         Батыс Қазақстан облысының өкіл имамы Еркебұлан Қарақұлов Сырым ауданындағы жұмыс сапары барысында аудан орталығы Жымпитыда салынып жатқан жаңа мешіттің құрылысымен танысты.

syrym (1) syrym (2) syrym (4) syrym (5) syrym (6)

Бауыржан ШИРМЕДИНҰЛЫ,

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтары біздің Instagram және Telegram-парақшамызда. Жазылыңыздар!

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале