23.04.2018, 15:06
Оқылды: 43

Ерлан Биғазиев - «Ақжайық барысы»

Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың жүлдесі үшін қазақ күресінен Ақжайық ауданының орталығы – Чапаевта «Жігер» спорт клубының ұйымдастыруымен «Қазақстан Барысы» республикалық турнирінің іріктеу кезеңі өтті. Оған ауданның 11 ауылдық округінен жас ерекшеліктеріне қарай 40 балуан қатысты.

Аудан әкімінің орынбасары Тілек Ғабдушев жиналғандарды байтақ еліміздің бір берік дәстүріне айналған осы айтулы спорт мерекесімен құттықтап, сөз сөйледі.

Тартысты өткен жарыстың қорытындысы бойынша: І орынды 2007-2009 жылдары туған кіші жасөспірімдер арасында Тәңірберген Амангелді (38 кг. Чапаев), Армат Қошмағанбет (26 кг.), Бақберген Серікқали (42 кг. Жаңабұлақ), Айбек Ұматай (28 кг. Көнеккеткен), Ерасыл Аманжол (32 кг.), Әділет Ибатов (35 кг.), Нұрмұханбет Жұмаев (+42 кг., Тайпақ) иеленді. Ал ересектер арасында өз салмақ дәрежелері бойынша Ерік Есенаман (55 кг., Тайпақ), Баубек Ғайсин (60 кг., Чапаев), Нұрдәулет Уахитов (74 кг., Қарауылтөбе), Заманбек Қадырханов (82 кг., Алғабас), Қаратай Бекесов (66 кг.), Жанболат Шайдуллиев (90 кг., Жаңабұлақ) топжарды. «Үздік балуан» аталымымен қарауылтөбелік Нұрдәулет Уахитов марапатталды.

Осыдан кейін «Түйе балуаны» сайысында тайпақтық Ерлан Биғазиев финалда чапаевтық Ринат Абатұлымен белдесті. Мұнда Е.Биғазиевтің мерейі үстем түсіп, «Ақжайық Барысы» атанды.

Нұрхат МАҒЗОМОВ

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале