4.05.2017, 16:29
Оқылды: 58

«Ерлігі өнеге майдангер»

????????????????????????????????????

   4 мамырда дәл осындай атаумен Тасқала аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің ұйымдастыруымен Жеңіс күніне және жерлес майдангер М.Шамовтың 105 жылдығына арналған іс-шара өтті.


      Кейінгі жас ұрпақтың Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру мен  оларға патриоттық тәрбие беру мақсатында өткен шараға Тасқала колледжінің студенттері, өлкетанушы, еңбек ардагері Г.Хисаметдинов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы М.Залиев қатысты.

    Алдымен соғыста ерлікпен қаза тапқан боздақтарды бір минут үнсіздікпен еске алып, олар туралы бейнеролик көрсетілді. Мұнан соң Г.Хисаметдинов пен М.Залиев тасқалалық майдангер Михаил Шамовтың өмір жолынан сыр шертіп, оның жасаған ерлігін бүгінгі жас буын ешқашан естерінен шығармау қажеттігін айтып берді.

Е.ЕЛЕКЕНОВ

Тасқала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале