4.10.2017, 14:01
Оқылды: 26

Есенсайда ұялы байланыс жоқ

 

Ақжайық ауданы әкімі Әділ Жоламанов Есенсай ауылдық округінде болып, бұл мәселемен жақсы таныс екенін, жұмыстанып жатқанын жеткізді. Аудан әкімі әлеуметтік нысандардың қыс маусымына дайындығымен танысты.


Аудан басшысына тұрғындар ауылға дәрігер керектігін, қыс уақытында ауданға апаратын жолдың қарын тазалайтын техника қажеттігін айтты.

Еңбек ардагері Жәгөр Иманғалиев елдегі жақсылықтарды айтса, Күләш Жұмағазиева ауылдастары төрт түлік өнімдерін өндіруге көңіл бөлсе деген ұсынысын білдірді. «Ауыл - елдің жағдайы жаман емес. Еселі еңбектеніп жүрген азаматтарға алғысымыз шексіз. Оларға иек артып отыра бермей, әрқайсымыз игі істерге ат салысқанымыз абзал. Ауылдың тазалығына мән бермесе болмайды. Қалаға көшіп жатқандар үй-жайларын бұзар болса, орындарын тазалап кеткендері жөн»,-деді Күләш апа.

Бекболат ҚАЛЕНОВ

Ақжайық ауданы

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале