14.02.2017, 12:00
Оқылды: 37

Еске алуға арналған турнир

eske_alu_turnirКүйгенкөл ауылдық округінің орталығы Жасқайрат ауылында жасөспірімдер арасында волейболдан Ұлы Отан соғысының ардагері, Еңбек Қызыл Ту орденінің иегері Өтепқали Сахиповты еске алуға арналған аудандық ашық турнир өтті. Жарысқа Жәнібек, Қазталов, Жалпақтал ауылдарынан келген командалар мен алаң иелері қатысты.


 

          -Былтыр Жасқайрат ауылында аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің жанынан волейбол тобы ашылған болатын. Спортқа жаны құмар оқушыларды жаттықтырушы Ғибрат Оспанов волейбол ойынына баулып, аталған ауылда осы спорт түрінің дамуына өз үлесін қосып жүр. Бүгінгі өткелі тұрған турнир сөздерімді айғақтайды, - деді аталмыш мектептің директоры Орынбасар Ғилымов.

Турнир нәтижесінде қазталовтықтар үздік атанса, Жәнібек және Жалпақтал ауылдарының командалары сәйкесінше екінші, үшінші орындарды иеленді.

Д.ОРАЗАҚАЙ,

                   Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале