23.08.2018, 14:54
Оқылды: 138

Ескендір Хасанғалиевтің ән кеші өтті

DSC_0266Зеленов ауданында Қазақстанның Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтардың лауреаты, әнші-композитор Ескендір Хасанғалиевтің «Жасай бер, қазақ!» атты ән кеші болды.

 Барша ағайынға ыстық сәлемін жеткізген Ескендір Хасанғалиев бірнеше ән орындап, көрерменнің қошеметіне бөленді.

«Қазақстан», «Ауылды аңсау», «Ауылым-әнім» шығармаларын орындаған әнші-сазгер әндерін көрермен де қосыла орындап отырды.

Саз кешінде әнші-сазгердің әндерін облысымызға әншілер орындады. Сахна төрінде әнші-композитор ұлы, ҚР еңбегі сіңген қайраткері Біржан Хасанғалиевпен бірге «Студенттер жыры», «Аңсағаным», «Ескірмеген махаббат» әндерін ерекше тебіреніспен шырқады.

Ақын Қадыр Мырза Әлінің сөзіне жазылған автордың «Атамекен» әнімен шарықтау шегіне жетті.

Аудан әкімі Асхат Шахаров өнер тарланбозына аудан халқы атынан алғыс айтып, иығына шапан жапты.

 Ертай БИМҰХАНОВ,

Зеленов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале