8.05.2019, 11:37
Оқылды: 52

Ескерткішті қайта қалпына келтірді

Қаратөбе ауданы Қоскөл ауылдық округінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында игі іс жасалды.

IMG_6298

1977 жылғы ауыл азаматтарының мұрындық болуымен Ұлы Отан соғысынан оралмаған боздақтарға арналған ескерткішті қайта қалпына келтіріп, жарық шамдар орнатылды.

Майдангерлер рухын ардақтауға арналған тағылымды шарада сөз сөйлеген ауылдық округ әкімі Қанат Мұқанов, «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Оразов, ауыл ақсақалы, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Әзербай Кенжеғалиев ауыл азаматтарының кіндік қаны тамған жерге елжандылық танытып, елге деген құрметтерінен туған игі істің кейінгі ұрпаққа үлгі боларлық өнегелі іс екендігін атап өтті.

Шара барысында ауылдың гүлденуіне үлес қосып жүрген Айбек Зияхметұлы, Қайрат Файзоллаұлы, Қайрат Қабиевке және мектеп бітіргендеріне 25 жыл болған түлектерге арналған алғыс хатты округ әкімі Қ.Мұқанов табыс етті.

Сонымен қатар аудандық «Рухани жаңғыру» кеңсесінің әкімгері А.Андирова өз сөзінде Қоскөл ауылдық округі бойынша былтыр жоспарланған 5 жоба толығымен іске асқандығын, биыл жоспарланған 3 жобаның алғашқысы жүзеге асқалы жатқандығын тілге тиек етті.

Қоскөл орта мектебін 1994 жылы тәмамдаған түлек Айбек Зияхметұлы туған ауылының өркендеуі мен дамуына өзіндік үлес қосу ауыл баласының азаматтық борышы екендігін жеткізіп, қолға алынған іске қол ұшын берген ауыл азаматтарына алғыс айтты.

Тоты Есқайырова,

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

IMG_6307 IMG_6321

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале