14.06.2018, 15:52
Оқылды: 69

Федоров мектебінде 4 оқушы «Алтын белгі» иегері атанды

11Биыл Федоров қазақ орта мектебі үшін оқу жылы сәтті аяқталды. Олай деуімізге себеп те бар.

Оқу жылын аяқтаған 20 түлектің қатарында 4 бірдей оқушы «Алтын белгі» иегері атанып, мектеп тарихында болмаған жетістікке жетті. «Алтын белгі» иегерлерінің қатарында облыстық спорттық сайыстардың жеңімпаздары Т.Ғұсманов пен Р.Ирғалиев, республикаға танылып үлгерген жас талант, күйші Н.Ильясова, білім олимпиадаларының бірнеше мәрте  жүлдегері Э.Агишева бар. Мектеп ұжымы жеткен толайым табысқа оқушылардың сынып жетекшілері М.Абуғалиев пен Г.Имашеваның да қосқан үлестері айрықша.

-Ұстаздарымыз берген білімді бойға сіңіріп, артқан сенімді ақтап шығуды ойлаймыз. Спортпен бірге оқуды алып жүру қиынға соққан жоқ. Адам ниеттенсе, алға қойған мақсатына қарай ұмтылса барлығы жақсы болады. Алтын ұя мектебімізді ешқашан ұмытпаймыз. Осы білім ордасындағы тәтті естеліктеріміз жадымызда мәңгі сақталады,-дейді жас спортшы, «Алтын белгі» иегері Темірлан Ғұсманов

Әділет ОРЫНБАСАРҰЛЫ 

Теректі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале