27.09.2019, 18:39
Оқылды: 85

Фестиваль жеңімпаздары облыстық кезеңге қатысады

Бүгін Сырым ауданында «Кедергісіз келешек – жарқын болашақ кепілі» атты мүмкіндгі шектеулі жандар арасында фестиваль өтті. Қолөнермен шұғылданатын жандардың бұйымдарынан көрме ұйымдастырылып, байқау қатысушылары жұмыстарын аудан әкімі Төлеген Төреғалиевке таныстырды.

syrym (2)

Байқауға ауылдық округтерден 22 мүмкіндігі шектеулі жан қатысып, көркемсөз оқу, қолөнер көрмесі, аспапта ойнау, вокал аталымдары бойынша бақ сынады.

Байқаудың ашылу салтанатында аудан әкімі Төлеген Төреғалиев сөз сөйледі.

syrym (1)

 – Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Қазақстан халқына арнаған Жолдауында мүмкіндігі шектеулі, тағдыр сынағын көтеріп келетін азаматтарға әлеуметтік көмек көрсетіп қана қоймай, қоғамға етене араласып, өзінің орнын табуы үшін Үкіметтің алдына көптеген міндеттер қойды. Осы бағыттағы жұмыстар Сырым ауданында да қолға алынды. Мейірбандық айлығы аясындағы шаралар бастау алуда. Ауданда 600-ге жуық мүмкіндігі шектеулі жан бар. Олардың қоғамға кірігіп кетуі үшін қабілетін көрсетіп, қоғамға пайдасын тигізем дегендер үшін барлық мүмкіндіктер қарастырылуда. «Нұр шуағы» қоғамдық  бірлестігінде 8 жас тәрбие алуда. Бүгінгі фестиваль де соның бір жалғасы. Фестивальге қатысушыларға сәттілік тілеймін! Алдарыңнан ақ күн тусын, дендеріңізге саулық тілеймін,- деді аудан басшысы.

syrym (3)

Көркемсөз оқу бойынша І орынды өз шығармасын оқыған Назыкеш Төлеуова жеңіп алса, ІІ орын Аманбай Халидуллин, ІІІ орын Нұржан Молданиязовқа бұйырды. Аспапта ойнау аталымы бойынша Берікқали Құбиев І, Аманбай Хамидуллин ІІ, Қобыланды Ихсанов ІІІ орындарға ие болды. Қолөнер көрмесі аталымы бойынша І орын Айсұлу Сағидуллина, ІІ орын Айкөркем Есімова, ІІІ орын Қазбек Алмағамбетовке тиесілі болды. Вокал жанры бойынша дуэтпен ән шырқаған Орынбай Оразғалиев пен Елемес Жаңабергенов І орынды иеленді. Фестивальде  бірінші орынды жеңіп алған өнерпаздар  облыстық кезеңге қатысады.

Шынар Молданиязова

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале