24.01.2017, 16:59
Оқылды: 33

Филиал төрағасы қабылдады

Bokei akim kabildau  Кестеге сай «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының ғимаратында филиал төрағасы, аудан әкімі Н.С.Рахымжанов қоғамдық қабылдау өткізді. Қабылдауға аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Ж.Еркеғалиев, аудандық тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобилдер жолдары бөлімінің басшысы Б.Насимуллин қатынасты.


  Қабылдауға 6 адам келді. Мысалы, Нұргүл Сәрсеналиева тұрғын үй және материалдық көмек беруді сұрады. Үй кезегін түсіндіру Б.Насимоллинге жүктеліп, материалдық көмек ақпан айына белгіленді. Тұрғын үйге кезекке тұру жөнінде кеңес сұраған өзге де 4 адамға Б.Насмиоллин, жұмыс және материалдық көмек сұраған Л.Жұмағалиеваға Ж.Еркеғалиев түсінік беретін болды.

  Әкім қабылдауға келгендерге өз тапсырмаларының бақылауда болатынын ескертті.

Д.ТАҢАТАРОВ

Бөкей ордасы ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале