5.06.2017, 18:37
Оқылды: 51

Футбол алаңы бой көтерді

Жәнібек ауданы Талов ауылында жаңа шағын футбол алаңы пайдалануға берілді. Спорт нысанын Бейбіт Даумов басшылық ететін «Биби» жеке кәсіпкерлігі салған.


Жуырда футбол алаңының ашылу салтанаты өтті. Шараға «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Асхат Молдағалиев, аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Орынбасар Ғилымов, аудандағы қоғамдық кеңестің төрағасы Бекет Әліпқалиев қатысып, құттықтау сөз сөйледі.

Жаңа нысанның лентасын А.Молдағалиев пен аталған ауыл тұрғыны, ардагер-ұстаз Бекежан Неғметов кесті. Мұнан соң футболдан турнир ұйымдастырылып, онда жергілікті командалармен қатар Борсы, Ақоба, Жақсыбай ауылдары және Қазталов ауданының командалары өнер көрсетті.          Тартысты өткен кездесулер нәтижесінде бірінші, екінші, үшінші орындарға сәйкесінше Жақсыбай-1, Ақоба және Жақсыбай-2 командалары ие болды.

Данияр ОСПАН,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале