19.04.2017, 16:40
Оқылды: 23

Футболда Қасым қыздары үздік

Zelenov fudbol  Зеленов ауданы орталығында 2006-2007 жылғы қыздар арасында шағын футболдан аудан біріншілігі өтті. Бірнеше ауылдық округтер мен ауылдардан келген аяқ допқа қызығушылығы бар қыздарды салауатты өмір салтын ұстануға шақыру  және спортқа соның ішінде футболға деген қызығушылықтарын ояту мақсатында өтіп жатқан бәсекені жас бапкер Асхат Мәжит ұйымдастырды.


  Жеңіс үшін барын сала ойнаған қыздар ер балалардан кем ойын көрсеткен жоқ. Әр доп үшін жан берісе таласқан нәзік жанды футболшылар тартысының қорытындысында ІІІ орынды Өркен ауылының оқушылары еншілесе, ІІ орын Камень мектебінің қыздарына, І орын Қасым Аманжолов мектебінің намысын қорғаған аруларға бұйырды.

 Сондай-ақ өзінің ойын өрнегімен көрермендерді тәнті еткен Өркен командасының ойыншысы Сабина Қажыгереева «Үздік қақпашы», зеленыйлық Даяна Мұхамбетова «Үздік қорғаушы»,  Камень мектебінің ойыншысы Алиса Шишацкая «Үздік шабуылшы» аталымдарын иеленсе, турнирдің «Үздік ойыншысы» атағын Қасым Аманжолов мектебін алға сүйреген Анастасия Турцова иеленді. Енді үздік атанған ұжым Орал қаласында өтетін біріншілікте аудан намысын қорғайтын болады.

Түгелбай Бисен

Зеленов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале