30.04.2019, 11:59
Оқылды: 59

Ғалымдар Сегізсайға барлау жұмыстарын жүргізді

Қаратөбе ауданы Егіндікөл ауылындағы Сегізсай кешенін зерттеу және бұрынғы атқарылған жұмыстарды жинақтап, жүйелеу мақсатында ғалымдардың қатысуымен барлау жұмыстары жүргізілді.

 археолог1

               Зерттеу тобының құрамында Ә.Марғұлан атындағы археология институтының ғылыми кызметкері, тарих ғылымдарынын кандидаты Ерболат Смағұлов, Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейінің археология бөлімінің меңгерушісі Айсұлу Ержігітова, тарих ғылымдарының кандидаты Мұрат Қалменов және БҚО тарих және археология орталығының директоры Жантас Сафуллин болды.

Сегізсай (Лебедевка) жерлеу кешені Оңтүстік Жайық бойының үйік-обалар ескерткіштері арасында ерекше орын алады. Бұл жерде 300-дей жерлеу үйік шоғырланған.

Оңтүстігінде Егіндікөлден, солтүстігінде Сегізсай ауылына дейінгі бірнеше шақырымға созылған ауқымы Есен-Амантау жазығында мыңжылдықтар бойы көшпелілер тұрғызған жүздеген үйік-обалар сақталған. Сегізсай обалары археолог-ғалымдар назарына ХХ ғ. 60-шы жылдардың аяғында өлкетанушы Г.И.Багриковтың  әуесқойлық қазба жұмысы кезеңінде б.з.д. І мың жылдықтың басымен белгіленетін көшпелі ақсүйектердің бай жерлеу кешенін ашуымен түскен.

            – Бұрынғы қазба жұмыстары кезінде алтын бұйымдар мен адам сүйектері табынған обалар туралы бүгінде мәлімет аз. Зерттеу жұмыстарының есептері толық емес. Осы жұмыстарды қайтадан қолға алып, тыңғылықты жүйелеу мақсатында археолог-ғалымдарды шақыртып отырмын. Осыдан кейін қазба жұмыстарын әрі қарай қалай, қай жерде жүргізу керектігі туралы ақылдасатын боламыз. Мессай сайында орналасқан көпке Құныскерей үңірі ретінде таныс тарихи орынмен танысып, үңгірдің табиғи қалыптасқандығы немесе адам қолымен жасалғандығын анықтау мақсатында болашақта зерттеу жұмыстары жүргізілу керек. Ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізіп, табиғаты сұлу, тарихы бай өлкені сақтап, ата-бабамыздан қалған іздерді ұрпаққа таныстырып, шынайы тарихымызды таныту мақсатында жұмыстанатын боламыз, - дейді БҚО тарих және археология орталығының директоры Жантас Сафуллин.

         Зерттеу қорытындысы бойынша ғалым-мамандар Сегізсай кешені бойынша зерттеу, қалпына келтіру жұмыстары бойынша ұсыныс айтпақ. Сонымен қатар зерттеушілер өлкенің табиғаты мен көне тарихына, бай жәдігерлерінің көп болуына байланысты болашақта музей-қорық құру қажеттігін айтты.

Ажаргүл Әлиева,

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

археолог2

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале