16.02.2017, 14:32
Оқылды: 67

«Гастрольге шыққанда» атты фильм-концерт өтті

Сайқын ауылында ерекше форматта әзірленген фильм-концерт өтті. Кеш шымылдығы қуанышы мен қарбаласы қатар жүретін сала сарбаздарының тыныс тіршілігін суреттейтін бейнеүзіктен басталды. Үнемі сапарлап жүретін олардың басынан кешкендері, қызықты сәттері, қарапайым жандардың назарынан тыс қалатын жағдайлардың бәрі-бәрі бейнематериалда сәтті көрсетілді.


Содан соң сахна төріне «Өнер адамы» әнімен Жоламан Сейсенғалиев шықса, көлік жүргізушісінің образын сомдаған Ринат Машутов талантты әртістердің қойылымымен үйлесе «Шопыр әнін» әдемі шырқап, залды серпілтіп тастады.

Сондай ақ кеш барысында шырқалған ретро әндер де тыңдармандарды өткен күн еншісінде қалған тамаша сәттерді тағы бір еске түсіруге мүмкіндік берді. Киелі сахнада әуелеген ескі де есті әндерді жұртшылықтың қосыла шырқауы олардың сағынышын аңғартып тұрды.

А.ЕСМАГУЛОВА

Бөкей ордасы ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале