23.02.2017, 15:45
Оқылды: 44

Ғибратқа толы кеш

Қаратөбе аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы және «Мұхит жастары» ЖҚБ-нің ұйымдастыруымен «Алланың елшісі - ақиқаттың еншісі» атты  рухани-танымдық кеш өтті.


Кеш барысында адамзаттың ардақтысы Мұхаммед пайғамбардың өмірінен сыр шертетін бейнеролик көрсетілді.

Сонымен қатар көрермен назарына «Шырмауық», «Өмірің саған аманат» атты сахналық қойылымдар ұсынылды.

- Балаларымыздың бойына қайырымдылық, кішіпейілділік, ізеттілік сияқты қасиеттерді сіңіруіміз керек. Дәстүрлі құндылықтардан нәр алған ұрпақ адаспайды, –  деді аудандық мешіттің бас имамы Әділжан Бекқазиев.

 

Маралбек АМАНТАЕВ,

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале