19.08.2019, 15:31
Оқылды: 186

Ғұмар Қараш кесенесіне экспедиция барды

Жәнібек ауданы «Nur Otan» партиясы аудандық филиалының қолдауымен ардагерлер Борсы ауылынан 9 шақырым жерде орналасқан Ғұмар Қараш кесенесіне экспедиция ұйымдастырды.

IMG_0113

Экспедиция кезінде Ғұмар бабаға құран бағышталды.  Аудандық аргерлер кеңесінің төрағасы Амангелді Уәлиев Ғұмар Қараштың өмірбаянына тоқталды. Бұдан кейін осы ауылдағы Ғұмар Қараш атындағы мектептің ауласында орналасқан оның кеуде мүсінімен, «Ел іші Ғұмарды ұмытпайды» атты бұрышпен танысты. Аудан ардагерлері ғұлама-ақын туралы мағлұматтарға толық қанығып, ойларымен бөлісті.

IMG_0164

Лаура Халина,

суреттерді түсірген автор

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале