22.05.2017, 10:35
Оқылды: 84

Ғылыми-тәжірибелік конференция Сырым Датұлына арналды

????????????????????????????????????

  Сырым ауданының орталығында Сырым Датұлының туғанына 275 жыл толуына орай «Көсем Сырым, алып ұл Даладағы» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

  Конференцияға Қаратөбе колледжі, Теректі колледжі, Бөрлі колледжі, Ақсай колледжі, Тайпақ колледжі, Жалпақтал колледжі, Сырым колледжінің қазақ тілі мен әдебиеті және тарих пәнінің оқытушылары, облыстық оқу-әдістемелік кабинеттің әдіскері және шақырулы қонақтар қатысты.


  Келген қонақтар алдымен ауданның тарихи ескерткіштері мен және мұражайларына экскурсия жасады. Содан соң аудандық білім беру бөлімінде аудан әкімінің орынбасары А.Сарқұловтың қатысуымен конференцияның ашылу салтанаты өтті.

  Конференцияның екінші бөлімі Сырым колледжінде өтті.  Бұл күні бас қосқандар Сырымның шежіресі мен тарихы, Сырым бастаған ұлт-азаттық қозғалысының басталуы және оның барысы, шешендік тұлғасы сынды тақырыптарда баяндама оқып, тәжірибе алмасты.

Үміт Жәңгірова

 Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале