20.09.2018, 14:44
Оқылды: 20

Игерілмеген қаржы – ілгері баспаған іс

Жәнібек ауданына Батыс Қазақстан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Қайсар Манқараев, бөлім басшысы Ғалым Жұбанышев және аталмыш басқарманың бас мамандары Мираж Жақсымбетов пен Азамат Халелов іссапармен келді. Аудан әкімдігінде өткен жиынды аудан әкімі Азамат Сафималиев ашып, жүргізіп отырды.

IMG_0002

Күн тәртібінде «Ауданның экономикалық дамуы, бюджет қаражатының игерілуі, төртінші деңгейдегі бюджет» мәселелері қаралды. Жиын барысында аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Руслан Сариев «Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту» туралы баяндама жасады. Оның айтуынша, 2018 жылдың 1 қыркүйегіне аудан бойынша жергілікті өзін-өзі басқару шоттарына барлығы 5827,8 мың теңге қаражат түссе, оның ішінде трансферттер түсімінен 5173,0 мың теңге, ерікті түрдегі адамдардан 299,5 мың теңге, мүлікті жалға беруден түскен қаржы 355,6 мың теңгені құрайды.

IMG_0008

Қайсар Зәкірұлы өздерінің Жәнібек ауданын сынау үшін емес, облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, ақылдасып, кеңес беру үшін  келгендерін және төртінші деңгейдегі бюджет эксперименттік болғаннан кейін сауалдарға жауап беруге дайын екендерін айтты. Жиынға қатысушылар тарапынан көкейтесті сұрақтар қойылып, тұшымды жауаптар алынды.

Г.ТӨРЕҒАЛИЕВА,

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале