11.01.2017, 16:56
Оқылды: 21

Иіс тиіп көз жұмды

aksay  Бөрлі аудандық ауруханасына 10 қаңтар күні кешкі сағат 18:50 шамасында 1979 жылғы азаматша жеткізілді.  Жедел жәрдем бригадасы өз үйінде иіс тиіп уланған азаматшаға алғашқы көмек көрсеткенімен, ажалдан арашалап қала алмады.


  Жеке тұрғын үйде тұртын азаматшаның қасында 2013 жылы туылған егіз ұлы мен қызы болған.

  Бөрлі аудандық орталық ауруханасының  директоры Жұмабек Шайхиевтың айтуынша, егіздердің  жағдайы жақсы, өмірлеріне ешқандай қауіп жоқ. Бүгінде олар аудандық аурухананың балалар бөлімінде ем алуда.

 

Айым НҰРҒАЛИЕВА

Бөрлі ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале