24.03.2017, 14:26
Оқылды: 32

Ілбішін Мәдениет үйі күрделі жөндеуден өтті

Биылғы Наурызды Ақжайық ауданы Ақжол ауылдық округінің жұрты ерекше көңіл-күймен қарсы алды. Көктем мерекесінде округ орталығы Ілбішін ауылындағы Мәдениет үйі күрделі жөндеуден өтіп, есігін қайта айқара ашты. Соынмен қатар бұл күні Ілбішіндегі кітапханаға модельді мәртебесі берілді.

- Ұлыстың ұлы күнімен тұспа-тұс келген бұл жақсылықтар құтымызды молайтып, қуанышымызды еселей түсті. Жарты ғасыр дұрыс жөндеу көрмеген әлеуметтік нысан «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы бойынша жөнделді. Осындай жақсы жаңалықтармен басталып жатқан жылымызда ойға алған істеріміз әрдайым оңға бассын,- деді аудан әкімі Әділ Жоламанов.

Өткен жылдың қарашасында басталған жөндеу жұмыстарын «БатысКотлоМонтаж» ЖШС атқарды. Мәдениет үйінде 200 орындық бар. Сахна заманауи жарықтармен қамтамасыз етілген.  Жаңадан музыкалық аппараттар алыныпты. Сондай-ақ кітапхананың іші де жаңа жиһаздармен толыққан.

Шара барысында аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің ұйымдастыруымен «Бәйтерек» интеллектуалдық-зияткерлік ойыны өтті.

Бекболат ҚАЛЕНОВ

Ақжайық ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале