25.04.2017, 16:41
Оқылды: 62

Иммундау апталығы басталды

Жәнібек ауданында сәуірдің 24-30 сәуір аралығында өтетін иммундау апталығына орай дөңгелек үстел ұйымдастырылды.


Аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Мұстаев мекеменің атауы өзгергенімен, (бұрынғы атауы – аудандық тұтынушылардың құқығын қорғау басқармасы) қызметтік міндеттері бұрынғыша қалғанын айтты. Оның айтуынша, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бастамасы бойынша Еуропа аймағында, соның ішінде елімізде иммундау апталығы жыл сайын сәуір айының аяғында өтеді.

-Вакцинация – инфекциялық аурулардың алдын алуға, ал сырттан әкелінген жағдайда оларды оқшаулауға және жоюға бағытталған мемлекеттік саясат. Егу жүргізілетін инфекциялардың атаулары мен егу мерзімдері ҚР Үкіметінің қаулысымен бекітіледі. Халықты вакцинациялау Ұлттық егу күнтізбесіне сәйкес 21 инфекциялық ауруға қарсы жүргізіледі, - дейді  басқарманың жетекші маманы Іңкәр Хасаинова.

Дөңгелек үстел барысында аудандық мұсылмандар мешітінің бас имамы Есенболат қажы Абдуғалиев, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Жанар Қошанова, аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың теолог маманы Азат Қаратай, Т. Жароков атындағы орта мектептің директоры Сержан Қошанов, аудандық орталық аурухананың дәрігер-сарапшысы Рысқаным Усабаевалар ой-пікірлері мен ұсыныстарын ортаға салды.

А.Есіркепов

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале