14.07.2017, 18:06
Оқылды: 32

«Інілер» құрамасы жеңімпаз атанды

13 шілде күні «Қазақстан КТК» одағы Батыс Қазақстан облыстық филиалы - «Қаратөбе Жайдарман» лигасы, аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық ортылығы және «Мұхит жастары» ЖҚБ-нің ұйымдастыруымен облыстық деңгейдегі «Жазғы кубок - 2017»  жайдарман ойындары өтті.


Тартысқа толы ойынға «Ағалар» және «Інілер» командасы қатысып, көрермендерге қағытпа қалжыңдарын сыйлады.

Жайдарманшылар «Сәлемдесу», «Жамбату» кезеңдері бойынша сынға түсіп, өз өнерлерін көрсетті.

Аталған ойынға арнайы тігілген кубокты «Інілер» КТК құрамасы жеңіп алды.

Ойынға қазылар алқасының мүшесі, жеке кәсіпкер, «ДЕМ» минералды сусынын өндіретін цех иесі Сержан Ашығалиев демеушілік етіп, жеңімпаз командаға 50 мың теңге көлемінде ақшалай сыйлық табыс етті.

Өкінішке орай жайдарманшылардан сапалы әзіл мен сахна мәдениеті көрініс таппады.

Райымбек АБАЕВ,

Қаратөбе ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале