17.04.2017, 14:14
Оқылды: 112

Интернет кітаптың орнын алмастыра ала ма?

Қазталов аудандық кітапханасының оқырмандар бөлімінің ұйымдастыруымен осындай тақырыпта пікірталас өткізілді.

Пікірталасқа Қазталов орта мектебінің 10 сынып оқушыларынан құралған «Асыл мұра» және А.Оразбаева атындағы орта мектебінің 10 сынып оқушыларынан құралған «Әлем ғажайыптары» топтары қатысып, төрт кезең бойынша өз ойларын ортаға салды.

Алғашқы кезеңде екі топ құрамын таныстырса, екінші кезеңде әр тарап растайтын және даттайтын пікірлерін дәлелдермен айтып, шараның мәнін аша түсті. Оқушылардың сайысқа тиянақты дайындықпен келгендіктері осы кезеңде айқын көрінді.

Таңдалған ұяшықтардың ішіндегі мақалдар мен интернет туралы қойылған сұрақтарға толық жауап беру талап етілген үшінші кезеңде де оқушылар тапқырлық таныта білді.

Соңғы кезеңде топ жетекшілері қорытынды ойларын айтып өтті.

Шара соңында сарапшылар өз ойларын білдіріп, екі топқа мақтау қағаздарын табыс етті.

Гауһар ӘДІЛЖАН

Қазталов ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале