27.01.2020, 18:49
Оқылды: 123

«Iqanat» қанатын кеңге жайып келеді

Ауылдардағы зерек балаларды анықтап, сапалы білім беру мақсатында қолға алынған «Iqanat» олимпиадасының алғашқы жылы аяқталды.

baiterek (2)

Бәйтерек ауданы орталығында «Iqanat» олимпиадасының мән-мазмұнын түсіндіріп, жеңімпаздар мен биыл қатысушылардың басын қосқан алқалы жиын өтті. «Iqanat» білім қоры құрылтайшылар кеңесінің мүшесі, меценат Нәдір Құрымбаев, «Iqanat» білім қорының БҚО бойынша үйлестірушісі Гүлнар Әлжанова, «Iqanat» білім қоры БҚО бойынша үйлестірушісінің көмекшісі Жанат Танабаева, аудандық білім беру бөлімінің басшысы Серік Сафуллин, Теректі, Тасқала, Бәйтерек және Ақжайық аудандарынан келген «Iqanat» олимпиадасының жеңімпаздары қатысқан кеңесте алғаш болып сөз алған Гүлнар Жәрдемқызы:

- Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жер» аталатын кіші бағдарламасынан аясында «Iqanat» жобасы ҚР Білім және ғылым министрлігімен мақұлданды. Дегенмен жобаның барлық шығынын еліміздің атымтай жомарт азаматтары көтеріп отыр. Алдымен айта кетуіміз керек, аталмыш жоба ауыл баласына берілген тамаша мүмкіндік. Өткен жылы жобамызға өңірден 2000 оқушы қатысты. Соның 55-і ғана Нұр-Сұлтан қаласында өткен додада бақ сынауға мүмкіндік алса, 15-і жеңімпаз атанды. Енді олар 2020 жылдың қыркүйек айынан бастап Бурабай қаласында салынып жатқан «Ай Қанат хайс скул» мектебінде білімдерін жалғастырмақ, - деді.

baiterek (3)

Одан соң «Iqanat» білім қоры құрылтайшылар кеңесінің мүшесі, меценат Нәдір Құрымбаев «Iqanat» олимпиадасына қатысушылар мен жеңімпаздарын толғандырған мәселелер бойынша ой бөлісу екендігін айтты.

- Расымен де жоба ауыл балалары үшін таптырмас мүмкіндік. Қазірігі таңда жеке инвестициялар тартылып, Бурабай қаласынан мектеп салынуда. Ол мектепте оқуға мүмкіндік алған олимпиада жеңімпаздарына барлық жағдай жасалады.  «Iqanat» мектебінің құрылысы аяқталған бойда әр өңірден таңдалған 200 оқушы қабылданбақ, - дейді Нәдір Шамұратұлы.

Кездесу барысында оқушылар «Iqanat» олимпиадасына қатысу үшін электронды түрде тіркелу кезінде туындайтын мәселелерді қозғап, кейбір арнайы лицейлер мен гимназиялардың ішкі тәртібі бойынша интернет пен электронды гаджеттерді пайдалануға қойылған шектеулердің кесірінен «Эдукон» платформасына кіруге мүмкіндік болма бермейтіндігін айтты.

Түгелбай Бисен

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале