5.12.2016, 13:43
Оқылды: 18

Ішкі істер қызметінің үздігін еске алды

Ел үшін, ертеңгі ұрпақ үшін күш жігерін аямай еңбек еткен адам ісі ешқашан халық санасынан өшпейтіні белгілі. Сондай азаматтардың бірі - Екінші дүниежүзілік соғыс ардагері, Сталинград майданында ерлікпен соғысқан жауынгер, ішкі істер қызметінің үздігі болған Сәлімгерей Қожекенов. Артында үлкен із қалдырған ол тірі болса 95 жасқа келер еді.

Бүгін марқұмның ұрпақтары мен көзін көрген замандастары Сәлімгерей ақсақалдың басына құран бағыштады. Одан соң өзі қызмет еткен ішкі істер бөліміне барып, шағын еске алу кешін ұйымдастырды. Оған Сәлімгерей Қожекенұлының ұрпақтары, көзін көрген замандастары мен артынан ерген інілері қатысты. Шара басында Переменый ауылдық округінің әкімі Аян Халауедин сөз алып, ел үшін аянбай еңбек еткен аға ұрпақтың ерлігі еш ұмытылмайтындығын айтып, марқұмның артында қалған ұрпағына амандық, дендеріне саулық тіледі. Одан соң аудандық қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Қадырбай Абдушев пен еңбек еңбек ардагері Ғалымжан Мендалиев Сәлімгерей Қожекеновке қойылған ескерткіш тақтаға гүл шоқтарын қойды. Жиналғандар марқұмды бір минуттық үнсіздікпен еске алып, еткен еңбегі мен істеген азаматтығы жайында естеліктерімен бөлісті.

Түгелбай Бисен

Зеленов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале