20.11.2019, 17:02
Оқылды: 123

Ісмер жанның ісіне ел риза

Теректі ауданының тумасы Құндыз Мақсотова Тасқала ауданының Ынтымақ ауылына келін болып түскеннен кейін енесінен көрпе тігуді үйренгенімен, оны болашақта кәсіпке айналдырамын деп ойламапты. Қазір ол мемлекеттен арнайы несие алып, ісін дөңгелетіп отырғандардың бірі.

 tasqala qyz jasauy (1)

- Мамандығым - есепші. Қазір бала күтіміне байланысты үйдемін. Көрпені өзіміз жасап, оның тысын да қолдан тігеміз. Бұрын сонды бұл іспен айналысқан емеспін, барлығын енемнен үйрендім. Келін көрпе, шай көрпе, қонақ көрпе секілді атаулары бар. Арасында құрақ та құраймыз. Тапсырыс беруші өзіне қажет дүниесіне, яғни, жәйманың түсіне, матасына таңдау жасайды ,- дейді жас кәсіпкер.

Ісмер келіншек қолынан шыққан дүниелерінің сапасына ерекше мән беретінін айтты. Ұзындығы 2 метр, ені 80 см көрпеге 3,5 келі жүн салады екен. Сондай-ақ әңгіме арасында жүнді ауылдардан әкеліп, өздері жуып, кептіретінін естіп білдік. Оның әр келісі 500 теңге көрінеді. Тысталған дайын көрпелер – 12 500 теңге.

Айта кетелік, саттықта мақта және синтепон материалдарынан дайындалған көпшіктер де бар. Құндыз болашақта ұлттық нақышта киім тігіп, «Қыз жасауы» атты дүкенін ашпақ ниетте.

Әсемгүл Аманова

Тасқала ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале