7.12.2017, 14:50
Оқылды: 33

Істі болғандар жайы талқыланды

Қаратөбеде аудандық пробация қызметінде есепте тұрған адамдарға әлеуметтік құқықтық көмек көрсету және оларды жұмысқа орналастыру бағытында атқарылып жатырған жұмыстары тыңдалды.

Пробация жиыны аудан әкімінің орынбасары Жасұлан Сұлтанның төрағалығымен өтті.

Аудандық пробация қызметінің аға инспекторы, әділет аға лейтенанты Нұржан Есқараның айтуынша, аудан бойынша 12 адам есепте тұрады. Соның 9-ы жұмысқа орналасса, 1-еуі зейнеткерлік жаста, 2 адам жұмыссыз.

Басқосуда сөз сөйлеген аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Бақытжан Жүсіпқали сотталған адамдарға көрсетілетін көмектер туралы және несие алып, өз кәсібін ашуға, оқу оқып, жұмысқа орналасуға мүмкіншіліктері бар екендігін түсіндірді.

Жиынды қорытындылаған аудан әкімінің орынбасары Жасұлан Кәрелұлы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетуді жүзеге асыру мақсатында өз білімімен жұмысқа орналастыру және біржолғы жәрдемақы беру, кәсіптік оқуға жіберіп, қоғам өміріне араластыруымыз керек, - деді.

 Тоты ЕСҚАЙЫРОВА,
Қаратөбе
ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале