17.01.2017, 12:48
Оқылды: 27

Ізбасардың ерлігі

Kaztalovka Izbasar  Казталов ауданының жастары, мектеп оқушылары Тараз қаласында №5513 әскери бөлімінде Отан алдындағы борышын өтеп жатқан Ізбасар Сатыбалдиевпен кездесті. Жылы жүзді жарқын кездесудің тақырыбы жерлесіміздің әскерде жүріп жасаған ерлігі туралы болды.


  Еске сала кетсек, Ізбасар Сатыбалдиев кезекшілік міндетін атқарып жүрген кезінде  суға батып бара жатқан 9 жасар баланы құтқарып қалған. Осындай ерлігі үшін ҚР Ұлттық ұлан бас қолбасшысы, генерал-лейтенант Р.Жақсылықовтың алғыс хатымен марапатталып,  «Ұлттық ұлан үздігі» деген төсбелгісін алды.

  Бейбіт күндегі ерлікті жастарға және оқушыларға үлгі ете отырып, аудандық жастар ресурстық орталығының директоры Нұрлан Кенжин алғыс хат пен ескерткіш сыйлық табыстады.

Жұлдыз АСҚАР 

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале