13.12.2016, 18:07
Оқылды: 65

Кәсіпкер туған ауылына медпункт салып берді

 Қазталов ауданының Сарықұдық ауылында медициналық пункт ашылды. Нысанды сарықұдықтық кәсіпкер Нұрлыбай Жолдыбайұлы өз қаражаты есебінен 5 млн.200 мың теңгеге салып берді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Енді сарықұдықтықтар алысқа бармай-ақ аталмыш орталықта ем-дом қабылдай алады. Тұрғындарды бұл қуанышты сәтпен ҚР энергетика министрлігінің газ өнеркәсібін дамыту департаментінің директоры Зияш Қияқбаев, ауыл тұрғыны Жолдыбай Тапауов, Жалпақтал ауруханасының директоры Алмас Тоғайбайұлы құттықтады.

Жаңа орталық қажетті медициналық жабдықтармен түгел қамтылған. Мұнда фельдшерлік кабинет, екпе бөлмесі және акушерлік кабинет жұмыс істейді. Ауыл дәрігерлері тұрғындарға жедел көмек көрсетуге әзір екендіктерін жеткізді.

Тұрарбек Ақмурзин

Қазталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале