2.11.2017, 14:45
Оқылды: 18

«Кадр даярлау үшін жергілікті тұрғындарды Көкшетау техникалық институтына тарту қажет»

 

IMG_2658Қазталов ауданында 2017 жылдың 9 айында атқарылған жедел-қызметтік жұмыстарын қорытындылау бойынша кеңес өтті.

Кеңесте 9 айда ауданда атқарылған жұмыстар туралы аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Абай Насипов пен  №19 өрт сөндіру бөлімі бастығының міндетін атқарушы Танат Құдайберген баяндамалар жасады.

Баяндамаларға қысқаша тоқталсақ, 2017 жылдың 3-ші тоқсанының қорытындысы бойынша төтенше жағдайлар бөлімінің ақпараттарды есепке алу кітабына 67 хабарлама тіркелген. Соның ішінде 19 өрт оқиғасы (3-і дала өрті), 27 дала өрті, 3 суға бату оқиғалары, 2 авариялық құтқару жұмыстары, 15 қоқыс өрті және 1 ғимараттың төбе жабыны ұшу оқиғасы бар.

Кеңесте сөз алған Батыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, генерал-майор Жасұлан Жұмашев биылғы жылы жаз айларында ауданымызда тіркелген төтенше жағдайлар туралы түсінік бере келіп, алдағы уақытта осындай жағдайлардың алдын-алу жұмыстарын күшейту туралы тоқталып өтті. Сонымен қатар кеңесте жергілікті тұрғындар тарапынан кадр даярлау үшін Көкшетау техникалық институтына оқуға үміткерлерді тарту туралы да әңгіме қозғалды.

 Қайрат ЖАҚЫП,

Қазталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале