13.11.2019, 18:17
Оқылды: 85

Қадыр ақынның шығармашылығы насихатталды

Облыстық Қадыр Мырза Әли атындағы мәдениет және өнер орталығының «Қадыр жолымен...» жобасы аясындағы «Дала дидары» көшпелі өнер ұжымы кезекті концерттік бағдарламасымен Қаратөбе ауданында болды.

qaratobe (3)

Ақынның шығармашылығына арналған кешті орталық директорының орынбасары Диана Төлешова ашып, орталық басшысы атынан аудан әкімі Жанат Асантаевқа алғыс хат табыстады.

Кеш барысында Қадыр ақынның сөзіне жазылған әндер шырқалды. Ақынның өлеңдері оқылып, әзіл-қалжыңдары айтылды. Афоризмге айналған даналық ойлары насихатталған кеш ақындар айтысына ұласты.

Сахнада ең алғаш республикалық байқаулардың лауреаты Ерлан Қуанышевтің домбыраның сүйемелдеуімен «Сыған серенадасы» әні мен Майлықожаның термесі орындалды.

qaratobe (1)

 Сонымен қатар аталмыш орталықтың әншілері мен күйшілері Диана Төлешова, Гүлзада Ахметова, Берік Шаймардановтар біртуар ақынның сөзіне жазылған белгілі сазгерлердің әндерін шырқап, Құрманғазының «Төремұратын», Жантөренің «Шалқымасын» орындады.

Көпшілікке танымал жас ақын, жаңақалалық Орынбек Меңдіқұлов Қадыр Мырза Әлидің айырықша мазмұнға ие, көпшілік сүйіп оқитын бірнеше өлеңдерін мәнерлеп оқып берді.

  Айтыс майталмандары Талғат Мықи мен Орынбек Меңдіқұлов, Айнабек Бисенғалиев пен Эльдар Ихсановтың Қаратөбе елін, осы жерден шыққан өнер саңлақтарын, қоғам қайраткерлерін, жалпы киелі Қаратөбе ауданы халқының қасиетін жырға қосты.

Кеште аудан халқының атынан шынайы ризашылығын білдірген аудан әкімінің орынбасары Жасұлан Сұлтан өнер ұжымына шығармашылық табыс тілей отырып, аудан әкімінің атынан алғыс хат пен сыйлық табыс етті.

Ерболат Райсов

Қаратөбе ауданы

       zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале