21.02.2018, 11:50
Оқылды: 34

Қадыр атындағы мектепте музей ашылды

 

VI облыстық Қадыр оқуларының қонақтары ақын атындағы мектептегі музейдің ашылуына куә болды.

Мектеп оқушылары Қадырдың өлеңдерін оқыды. Музейді ашып, лента қию рәсімін аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Әнуарбек Ғалымов пен Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, Қазақстан композиторлары одағының мүшесі, Қадыр атындағы қоғамдық қордың директоры, әнші-сазгер Д.Қажымов жасады.

Музей жәдігерлерін қонақтарға жалпы білім беретін Қ.Мырзалиев атындағы орта мектептің тарих пәнінің мұғалімі Мұқат Арыстанов таныстырды.

Шынар МОЛДАНИЯЗОВА

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале