13.04.2017, 15:16
Оқылды: 18

«Қай кезде де ұлт мүддесі тұтастықпен алға асқан...»

Елбасы Н. Назарбаевтың республикалық «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын зер сала оқып шықтым. 


Елбасымыздың мақаласында айтылған мына бір жолдар ойландырмай қоймайды екен.

«Әжептәуір жаңғырған қоғамның өзінің тамыры тарихының тереңінен бас­тау алатын рухани коды болады. Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты – сол ұлттық кодыңды сақтай білу. Онсыз жаңғыру дегеніңіздің құр жаңғырыққа айналуы оп-оңай.   Бірақ, ұлттық кодымды сақтаймын деп бойыңдағы жақсы мен жаманның бәрін, яғни болашаққа сенімді нығайтып, алға бастайтын қасиеттерді де, кежегесі кері тартып тұратын, аяқтан шалатын әдеттерді де ұлттық сананың аясында сүрлеп қоюға болмайтыны айдан анық. Сонымен бірге жаңғыру ұғымының өзі мей­лін­ше көнерген, жаһандық әлеммен қабыспайтын кейбір дағдылар мен әдеттерден арылу дегенді білдіреді. Мысалы, жершілдікті алайық. Әрине, туған жердің тарихын білген және оны мақтан еткен дұрыс. Бірақ одан да маңыздырақ мәселені – өзіңнің біртұтас ұлы ұлттың перзенті екеніңді ұмытуға әсте  болмайды. Біз әркім жеке басының қандай да бір іске қос­қан үлесі мен кәсіби біліктілігіне қарап баға­ланатын меритократиялық қоғам құрып жатырмыз».

Шын мәнінде отаншыл рухты бойына сіңірген, бәсекеге қабілетті, білімді, саламатты өмір салтын ұстанатын, ұлттық мүддені жоғары қоятын, білікті, сауатты, тәрбиелі, азаматтардың бәсі қашанда биік болмақ.

Қабаш ЖҮНІСОВ,

ардагер ұстаз

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале